Ертегі: Тышқан ит және мысық

Ертегі: Тышқан  ит және мысық казакша Ертегі: Тышқан  ит және мысық на казахском языке

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:

— Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық:

— Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз. Осынымыз дұрыс па? – деп, итке жөнін айтады.

Ит ұялып қалады да өзі де шаруа істемек болады. Содан былай қарай тышқанға көмектесіп жүреді.

— Сен де қол ұшыңды бер, – дейді енді ит мысыққа. Оған мысық көнбейді.

— Өздерің-ақ істей салыңдар!..

Ит пен тышқан оған:

— Жалқаулықты қой, бірге жұмыс істе, – дейді.

— Әй, мен сендердің жұмыстарыңды күндеп жатқан жоқпын ғой. Неге тиісесіңдер, – деп, мысық ашуланады. Ит пен тышқан үндемей жүре береді. Мысыққа тамақ қалдырмай, өздері жейді. Аш мысық енді ит пен тышқанның тапқанын ұрлай бастайды. Мұны көріп қойған тышқан мысықтың ұрлығын итке айтады. Ит оңдырмай талайды.

Содан бері ит пен мысық өш екен. Бірін-бірі көрсе талап тастауға дайын тұрады. Ал тышқанға ыза болған мысық оны ұстап алып жей салады екен.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Тышқан ит және мысық туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Тышқан ит және мысық для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Тышқан ит және мысық казакша оку, Тышқан ит және мысық, ертегі Тышқан ит және мысық туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Тышқан ит және мысық для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Тышқан ит, Ертегі: Тышқан ит және мысық ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн