Дүние туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 516
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 35
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Дүние – фәни,Ақырет – бақи
©  Самет Оқанұлы
Дүниеқор – дүниенің құлы,Әркім – сүйгеннің құлы
©  Самет Оқанұлы
Дүние түбі келте,Ұмтылу керек ерте
©  Самет Оқанұлы
Нәпсінің тізгінін тартпасаң,Адамдық кетер, ар кетер.Өмірге өрнек салмасаң,Дүниеден қалдың құр бекер
©  Самет Оқанұлы
Дүние түбі келте,Ұмтылған жақсы ерте
©  Самет Оқанұлы
Дүние бір серуен,Адам бір көшкен керуен
©  Самет Оқанұлы
Дүние жиып не етерсің,Бір күн тастап кетерсің
©  Самет Оқанұлы
Қауыны таланса, иесі қос қолдап тартар.Бұл мақал иесінің өз дүниесіне күйінішін білдіреді.
©  Түркі халықтары
Жақсыға төр алдынан орын бар ғой, Жаманға қайда жүрсе, дүние тар ғойЖақсыға төр алдынан орын бар ғой,Жаманға қайда жүрсе, дүние тар ғой."Мың өліден..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
«Туғаныңмен сыйыспасаң,кең дүниеге сыймассың»
Екі ергежейлі де дүниеге симапты.
Дүниесi аз кiсi жарлы емес, тойымсыз кiсi жарлы.
Бүгін бар дүние ертең жоқ,
«Өзімдікі» дегенің өзгеге кетеді.
Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.
Бұл дүние — момындардың зынданы.
Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.
Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.
Бұ дүние байлығы — шашылған жем.
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
Ашкөзге дүниенің асы жетпес.
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
Азым дұспан кей адам нәпсін тыймас,
Нәпсіменен дос болып, дүнияны көзі қимас.
Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.