👈 қаріп өлшемі 👉

Дәм туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 37
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 16
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Анекдот, әзілдер: 1

Қандай қонақ, сондай дәм татқызу.
Ащыны татып көрмегенТәттінің дәмін білмейді.
Даруы күшті дәрінің дәмі кермек.
Құманы сәнді болса,Шайы да дәмді.
Дені сауға дәмсіз тағам жоқ.
Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
Бағбан жүзімнің дәмін білмейді.
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес.
Айта берме сөз біткеннің бәрін де,
Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.
«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы