Қырағылық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 27
Өлеңдер: 1

Қиын сағатта табандылық қажет, Көңілді сағатта қырағылық қажет.
Ордалы жыланмен ойнама.
Аузы күйген үрлеп ішеді.
Сауысқаннан сақ бол.
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Ежелгі жауда елдік жоқ.
Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.
Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.
Қастағы сояу көзді аңдиды.
Кек түбі — ойран.
Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.
Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады.
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
Алысқан жауға арқанды көрсетпе.
Күрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.
Ұйқы өліммен тең.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Сезікті секемшіл.
Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.
Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.