Эстон мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 23

Еңбек етіп тер төккенІшіп-жейді тәбеттен.
Аяз: «Қолбағың қайда?»-дер,Ақпан «Байпағың қайда?»-дер.
Еңбексіз өтер өмір де бір,Ерте келген өлім де бір.
Іш сорласа, тістен көреді.
Сақал-қарттың сәні.
Адам араққа жүгірмесе,Арақ адамға жүгірмес.
Қонақ болып қандырсаң құмарыңды,Есте сақта есіктен шығарыңды.
Аштың саусағынан сары май ақпас.
Қарыны ашқанның қарымы үлкен.
Тары жоқта тауық өспейді.
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Уайым ұйқыңнан айырады,Күйік сұрқыңнан айырады.
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
Өз баласын махаббаты ананыңТұңғиықтың түбінен де табады.
Жасамыс махаббаттың жалыны өшпейді.
Төсенішіңді қалай салсаң,Түсіңді де солай көрерсің.
Аңшы итін мақтайды,Балықшы таңды жақтайды.
Орманға сен қалай қарасаң,Орман да саған солай қарайды.
Жылтыраған сырты бар,Бұршағының құрты бар.
Әр қасіреттің өз жұбанышы бар,Әр аурудың өз дәрісі бар.
Тұзсыз етте шіриді,Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Ананың тізесіне сүйенгенсәби тезірек өседі.