Жалқаулық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 22
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Еңбекқордың еріні майлы,Жалқаудың басы қанды.Бұл мақал жалқаулықты қойып, жалықпайтын еңбекқор болуға үгіттейді.
©  Түркі халықтары
«Түйеқұсқа: - Жүк артамын, ­ десе, 
– Мен құспын, ­ дептi.
–       Ұш, ­ десе,
..
©  Гүлтас Құрманбай
Жалқаулық – жалаңаштықтың жамағайыны.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Жалқау тек жатар, ырысы да қашар.
Жалқау жатып бұйырады.
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.
Жалқауға от басы айшылық жер.
Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Жалқауға мың сылтау.
Жалқаудың жаны ұйқыда.
Еріншектен мізбақпас туады.
Жалқау жыламсақ келеді.
Алма піс, аузыма түс.
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.
Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Алма, піс, аузыма түс.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің дәмі тәтті.