Ажал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 44
Өлеңдер: 116
Нақыл сөздер: 36
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Ажал қиуадан келіп,Қимасыңды алады
©  Самет Оқанұлы
Ажалы жеткен ауырмай өледі
©  Самет Оқанұлы
“Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі”.
©  Самет Оқанұлы
Ажал – құдайдан, себеп – адамнан   Сен де күпірлік жасағансың. "Ажал – Құдайдан, себеп – адамнан" дегенді білмегенің – күнә.("Билер туралы аңыздар"...
Ажал есірткен  "Ажал есірткен" сөз деген тағы да бар,Анамызды есірткен ажал ма әлде?!Он сегізден айрылған ана байқұсБармақ шайнап қалды екен қандай..
Уақыт ұмтылғанның ырысы, бойкүйездің ажалы.
©  Естеу ЖҮНІС
Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.
Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.
Ауру өлмес, ажалды өлер.
Ажал жетсе, ай да өледі,
Күні туса, күн де өледі.
«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.
Ажалсыз аштан өлмес.
Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.
Ажал анық болса да,
Мезгілі жетпей ер өлмес.
Амалын тапқан ажалдан құтылады.
Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.
Ажал жолы шілдің қадамынан да қысқа.
Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.
Ажал алқымдағанда безгекке зар боларсың.
Атқыштан ажал қашады.
Кездейсоқ ажалды
Аңғырттық шақырады.
Жауынгердегі қол күрек
Ажалды алыстату үшін керек.
Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.