Сана туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 27
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 51
Нақыл сөздер: 58
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Сана жеңбегенді,Пара жеңеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Саналы бала Сағыңды сындырмас, Санасыз бала Жаныңды тындырмас.
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
Ылдисыз өр болмайды,Қапысын таппас ер болмайды.
Үй менікі демеңіз,Үй сыртында кісі бар.
Тоқ адам тойшыл,Аш адам арманшыл.
Темір сырын отта танытады,Адам сырын сөз балқытады.
Темірді от,Ағашты мөр,Адамды сөз балқытады.
Тауға тау қосылмас,Адамға адам қосылар.
Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.
Төрт ұлы бар кісініңАспанға салған жолы бар.
Темір сырын оқта танытады,Адам сырын жоқта танытады.
Тарықпай ер тілеуін бермейді.
Сөздің ақыры – адамның ақылы.
Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.
Сәлемсіз кіс жоқ.
Ез кісіде намыс жоқ.
Саналы адам сағыңды сыңдырмайды,Санасыз адам жағыңды тыңдырмайды.
Сарман тауда салқын жоқ,Саналы ерде ұйқы жоқ.
Сүйек берген кісімнен көрейін бе,Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?!
Сусыз жерде қамыс жоқ.
Білім сананы ағартады.
Ары жоқ – күлкішіл,
Санасы жоқ – ұйқышыл.
А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
Санасызға сан айтсаң да болмайды.