Қария туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 16
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 35
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 2
Әңгімелер: 11
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Қарияның сөзі бекер болмас,Жалғыз шыбық бақша болмас.
©  Түркі халықтары
 Қартайған адам нашар көрсе де, көпті көреді.
©  Жебірей
Өзен суға жарасқанҚамысы мен қоғасы.Кәрияға жарасқанАузындағы тобасы. 
Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ,Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Толықсып аққан дария —Мейірбанды қария. 
Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
Ел қариясы - ел қазынасы.
Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.
Халықтан қайырымдылықты,
Қариядан байымдылықты үйрен.
Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.
Кәрінің бары — игі.
Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.