Егін туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 37
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 31
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1

  Егін өнбесе, қайғысы бір жылдық,Балаң оңбаса, қайғысы ғұмырлық
©  Самет Оқанұлы
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме
©  Самет Оқанұлы
Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас.
©  Түркі халықтары
Қыс өтіп, қар жауады, не егілді-көтеріледі.
Еңбек ет те, егін ек,Жарымасаң маған кел.Белді бу да бейнет қыл,Байымасаң маған кел. 
Егін ексең, мол ек,Толтыр қанар-қабыңды.Арық қазсаң, кең қаз,Қандырар бақша, бағыңды. 
Жаңбыр жауса — жер тоқ,Егін ексе — ел тоқ.Бұлақ ақса — көл тоқ.Еңбек етсе — ер тоқ. 
Егін жерге бітеді,Ер жігіт елге бітеді.Қоға көлге бітеді,Көк жантақ шөлге бітеді. 
Шегірткелер егін жер,Екпей-сеппей тегін жер. 
Егін ексең — ебін тап,Ебін тапсаң — жерін тап. 
Егін ексең —Шығырыңды майла.Мал өсірсең —Қонысыңды сайла. 
Егініңді күн суар,Күн суарма, түн суар.
Отырықшы елЕгінін — ойлайды.Көшпелі елКөлігін ойлайды. 
Атына қарай —Тұрманы.Егініне қарай —Қырманы. 
Күтімді егін бітімді.Бітімді егін түсімді.
Егінді күндіз егіп,Түнде суар.Гүлді күн көзіне егіп,Күнде суар. 
Егініңді дөңге сал,Дөңге салсаң — көңге сал. 
Еленем десең, елге жақ,Жер емем десең, жерге жақ. 
Жақсы мұраптыңСоңынан су ереді.Жаман мұраптыңСоңынан шу ереді. 
 Жабайы шөп егіннің жауы, Еріншектік ердің жауы.

Еріншектік күллі өнердің жауы деген екен Абай дана. Сол сізге сіз келісесіз бе? Еріншектің..
©  Гүлтас Құрманбай
Ағашы аласа болса да,Алмасы тамаша. 
 Еккенде келісіп алса, жинағанда жанжал болмайды.

Қазіргі бизнеспен айналысып жүрген жандарға өте-мөте қажет мақал сияқты. Сіз қалай..
©  Гүлтас Құрманбай
Бір күн бұрын ексең,Бір апта бұрын орасың.
Егіндікті күз суар.Күз суарсаң, жүз суар.