Көз туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Көз" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Көз" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Көз" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Көз" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 311
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Көзінің мың сұмдығын
Өзінің кірпігінен де жасырады.
Өзіндегі сұмды көрмей,
Көзімдегі қалды көреді.
Қылышыңды жауға шаппасаң,
Жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзіңе.
Қарға көзін қарға шоқымайды.
Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.
Өлерменнің көзі жаман.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Көз көргенді қол сезбейді.
Жорғаның тері кеппес,
Еркенің көз жасы кеппес.
Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.
Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Көргеннен көз ақы алады.
Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
Көзіне қарама, сөзіне қара.
Көңіл - қазы, көз - таразы.
Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.
Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі.
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.
Қастағы сояу көзді аңдиды.
Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.