Ынсап туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 85
Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 1
Эсселер: 1

Астың дəмі – тұз,(Тұзды) уыстап жемес.Бұл мақал адамдарды ынсаптыққа шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Ортақ адамнан артық алмас.Бұл мақал ынсапты болуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Барлық істі де ынсаппен істе.
Зұлмат есіктен кірсе,
Ынсап түндіктен шығады.
Бай бауырын танымас.
Сауда досқа қарамас.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.
Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
Төре аяғы маймақ,
Төбе басы тайғақ.
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.
Төре тайғақ болса,
Бітіп болмас.
Төбе тайғақ болса,
Шығып болмас.
Жаман төре жан алар.
Бай байға құяды, сай сайға құяды.
Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.
Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы болады.
Әр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай.
Хан сыртынан жұдырық.
Ханнан қазық, биден тоқпақ.
Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.
Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.
Шала молда дін бұзар.
Шала молда шарық айтар.
Тентек молда телмірген өгіз.