Қылыш туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 27
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 1

 Пайдасыз баланы қарағым деме,Өтпес қылышты жарағым деме
©  Самет Оқанұлы
«Иілген басты қылыш кеспейді»
©  Самет Оқанұлы
Қос қылыш бір қынға сыймас.Бұл мақал екі адам бір іске таласқанда немесе екі жігіт бір қызға үйленбекші болғанда, соларға арнап айтылады. Хақания..
©  Түркі халықтары
Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай. 
Ертең-тұяқ, қылыштан-қитяқОйласам өткен күнді, болдым құса,Кебім көп бір басымда үлкен қыса (қисса)."Ерден-тұяқ, қылыштан-қияқ", - деген,Ұл тусаң..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Тіл қылыштан өткір.
Алмас қылыш майданда серік,асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
 Қос қылыш қынға симас.
*Шынында да қос қылышты бір қынға сайдыра алмайсыз ғой. Мәтелдің мәні не? Нені меңзейді? Өз сөздеріңізбен түсіндіріп..
©  Гүлтас Құрманбай
Қынабынан қылыш суырмай-ақ даңқы шыққан батыр.
Серт бұзылса-Қылыш қанға боялады.
Қос қылыш бір қынға сыймас.
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен..
Қос қылыш бір қынапқа сыймайды.
Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.
Қалы кілем түрге керек,
Алмас қылыш ерге керек.
Қылышыңды жауға шаппасаң,
Жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзіңе.
Ұсынған мойынды қылыш кеспес.
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.
Иілген басты қылыш кеспес.