Құлақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 43
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2

Құлақ естісе, көңіл білер,Көз көрсе (сүйіктісін), əуес келер.
©  Түркі халықтары
Әйел таңдауда - көзіңізге қарағанда құлағыңызға көбірек сеніңіз.
Көздер-көру үшін, құлақтар-есту үшін.
Қонақ біткеннің құлағы түрік.
Құдай адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді.
©  Еврей халқы
Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.
©  Жебірей
Керең құлақ оянбас.Бір оянса, қоя алмас.
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.
Құлаққа тиген қаңқу-Өкпеге тиген шаншу.
Тесік құлақ естімей қалмас.
Қырқында қолына қобыз алған,Қияметте құлақ күйін әзер келтірер.
Құлағын басып алып қоңырау ұрлағандай.
Барлық есектер құлақтарын қозғалтады.
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.
Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.
Көзі жоқ құлағы саудың — ақылы толар,
Құлағы жоқ көзі саудың — ақылы солар.
Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.
Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Адам құрсағынан арықтамайды,
Құлағынан арықтайды.
Құлақ тыңдайды,
Іш қайнайды.
Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.
Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ.
Бір құлағынан кіреді,
Екіншісінен шығады.