Сыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 31
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 492
Нақыл сөздер: 21
Әңгімелер: 26
Поэмалар: 5
Шығармалар: 3

Досың жылап мұңайса, жұбат көңілін жасытпа. Өзімсініп сыр айытса, өсек қылма басқаға.
©  Естеу ЖҮНІС
Дұшпаныңды айналдырма сырыңды алады.
©  Естеу ЖҮНІС
Көңіл сырын сөз білдіреді.
Темір сырын отта танытады,Адам сырын сөз балқытады.
Сырыңды ашқан-сатқын.
Үш кісі білген сырды бәрі біледі.
Сиырлының үйі —айран,Сиырсыздың үйі — сырдаң. 
Сиырлының үйі —айран,
Сиырсыздың үйі — сырдаң.
Балалы үйдің сыры жатпайды.
Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды.
Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры төркініне мәлім.
Сырыңды айтпа досыңа,
Достың да досы болады,
О да айтар досына.
Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.
Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.
Дұшпанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.
Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.
Жатқа мініңді айтпа,
Жаманға сырыңды айтпа.
Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.
Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.