Ілім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 24
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 8
Әңгімелер: 4
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

 Ілім – бұлақ,Білім – шырақ
©  Самет Оқанұлы
Қайталау-ілімнің анасы.
Бір тәжірибе жеті дана ілімнен де маңызды
Бала кезіндегі ілім, тасқа ою салған сияқты.
Ілім басқа жұғады,
Қына тасқа шығады.
Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Ілім түпсіз терең көл,
Надандық нәтсіз жазира - шөл.
Өнер ағып жатқан бұлақ,
Ілім жанып тұрған шырақ.
Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.
Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.
Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Адамның білгенін адам білер.
Тауып білмеген, жүріп білер.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.
Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
Білімнің алды жарық,
Білімсіздің түбі ғарып.
Ақыл — дария,
Ой — теңіз.
Ой түбі алтын,
Ойлай берсең аларсың.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Ескіні есіңе алмай,
Жаңа жадыңа түспейді.
Біле тұрсаң да, сұрап біл.
Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.