Бәле туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 24
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 6

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен..
©  Нарша Булгакбаев
Құс қайтады, иектейді бір бәле....
Құс қайтады, иектейді бір бәле,Сен көрмейсің, есікті ашып кірді, әне.«Атым бар» деп, қоймай қойды мазаны ап, Тұлпарына мінейікші жүр, кәне.Ақ боз ат..
©  Әділбек Ыбырайымұлы
Бір бәлеге, сынаққа душар болса
 «Иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиъун, уа лә хаулә уа лә қуаатә иллә билләһил-ъалийл-ъазим» деп айту.
©  Дұға оқу
Алладан бала шағаңызға және отбасыңызға  бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын дұға.
 Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен..
©  Дұға оқу
Бәле қуғым келмейді, жала қуғым
Бәле қуғым келмейді, жала қуғым.Демеймін жұрттан ерек, дара тудым.Бірін- бірі талауға құмар қазақ,Жөнін де біледі ғой қарасудың.Бұған дәлел, апат та..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Жамандықты көп қуғанБір бәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ дәулетке молығар.
Бәленің басы байлықта.
Адамға келген он бәленің тоғызы - тілден.
Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады.
Тауға сүйенген,Таудай бәледен аман қалады. 
Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.
©  Иүгінеки Ахмед
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Бар бәле – әйелден (әйел туралы даудан).
©  Жүсіп Баласағұни
Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат,
Ат пысқырса - жоқ қылады,
Арқан үзілсе - шоқ қылады.
 Құдай, бәле 
Қайсыбiрiмiз өзiмiздi егер басқаның орнында немесе қызметiнде отырсақ көп жақсылық iстей алатындай көремiз. Бұл — бар бәленiң бастауы. 
©  Николай Гоголь
Ұстамсыз бәлеге ұрынар.
©  Жүсіп Баласағұни
Бәлеқор жаныңда болса, бәледен бас алмассың.
©  Жүсіп Баласағұни
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.
Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.
Бәле балалап туады.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садақа.
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.