Ниет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 14
Өлеңдер: 32
Нақыл сөздер: 22
Құттықтау, тілектер: 15
Туындылар: 2
Әңгімелер: 2
Поэмалар: 1

Тірлігіңнің көрінісі, ниетіңнің нәтижесі ..
©  Гүлсім Сатыбалды
Біздің қалау-ниетіміз түбінде қайырлы, берекелі болатындығына ешкім кепілдік бере алмайды, егер де біздің сеніміміз бен түсінігіміз жалған болса. 
©  Нарша Булгакбаев
Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен..
©  Нарша Булгакбаев
Талпынатын арман-мақсатыңыз бекер, егер де ниет – Ізгі, Әділ, Адал, болмаса. Сіз нені қаласаңыз, соның салдарын көресіз. Сондықтан болымсыз бір..
©  Нарша Булгакбаев
Қашу керек деген ниеттің өзі – адам болуға деген қорқынышты аңғартады.
©  Жорж Батай
ТАҒДЫР-НИЕТКЕ ҒАШЫҚ
Ниетіміз, тіліміз, ортамыз көркем болсын.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамның адамға жамандығында басқа себеп жоқ, бәрі де қара ниет, жаман ойдан туады және барлық тіршілік арасында тек адам ғана себепсіз жамандық..
©  Артур Шопенгауэр
Кім болса да, кездескен адамыңның азаматтық құны мен адамдық құрметіне объективті баға берме. Оның сұрқия ерік-ниетіне де, алдамшы да, қисынсыз..
©  Артур Шопенгауэр
Бірінші хадис: Барлық амалдар ниетке байланысты бағаланады; 
©  Әбу Дәуіт
 Бір әйелге үйлену ниетің бола қалса, алдымен оны бір көру теріс емес.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Дін бұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол ниетінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Қызарған бет табылар, қызынған ниет табылмас.
©  Ақан Сері
Істелген әрекет үшін ғана емес, сонымен бірге ниет үшін де азаптау керек. 
©  Михаил Лермонтов
Жүк тиесең — кетерсің, ниет етсең — жетерсің. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Таза ниет өзінен өзі тамаша нәтижеге жеткізе бермейді. 
©  Кристиан Боуви
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.
©  Әл-Фараби
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.
©  Мұхтар Әуезов
Бақталастықтан жасалған ештеңе ешқашан әдемі болмайды. Сол сияқты түпкі ниет мақтанып, тәкаппарлану болса да, таңғажайып дүние істелінбейді.
©  Джон Рескин
Көптеген кіші амалдар ниетпенен өседі, қаншама үлкен амалдар болса ниетпенен кішірейеді.
©  Имам Раббани
Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.
©  Бауыржан Момышұлы
Қалың ағаш шыбықтан бастау алады. Көп қабатты үйлер бір кірпіштен, қанша мың шақырымдық саяхат бір қадамнан басталады. Ойларыңызға абай болыңыздар..
©  Лев Толстой