Су туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 222
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 156
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 2
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 5
Эсселер: 1

Қасым-Жомарт Тоқаев: Су үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды «2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге..
©  Қасым-Жомарт Тоқаев
Біз қайыршылар сияқты даланы паналап немесе жарығы, суы жоқ бос үйдің ішінде отырғандай, кейде қолда емес мида бар алтынның қадірін білмей, біздің..
©  Нарша Булгакбаев
Су ішсең шөліңді басар,Ал, кітап көңіліңді ашар.
©  Гүлім Омар
Ауылдық жерлерде тазалықты қамтамасыз етудің бірінші мүмкіндігі-сумен жабдықтау
©  Флоренс Найтингейл
Теңгені құрап тиыннан.Қиыстырсаңда қиыннан.Су астындағы балық та.Суын ішеді бұйырған.
Тоғайға от түссе, құрғағы мен суы бiрдей жанады. 
©  Әмiр Темiр
Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе. 
©  Артур Шопенгауэр
Байлық тұзды су сияқты: iшкен сайын шөлдетедi. Даңқ та сондай. 
©  Артур Шопенгауэр
Су шықпас қазғанменен тау басынан,Қазақтың дау кетпейді сау басынан.Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
©  Ақан Сері
Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.
©  Қорқыт ата
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан..
©  Қорқыт ата
Әрбір тыныш ағып жатқан өзен шулы сарқырамалардан бастау алады. Ешқайсысы теңізге құяр сәтке дейін ойнап шуламайды. Бұл сабырлық әрдайым жасырын ұлы..
©  Михаил Лермонтов
Суға батқан кезде әдемі жүзіп жүргеніңіз туралы ойлануға уақыт жоқ.
©  Гарри Каспаров
Терең судың бетіндегі қаймыжықтанған қабыршақ үстінде қалт-құлт жүргендеймін, жүрегімде майда қоңыр леп – жыр жазылып жатқанының белгісі...
©  Бегалиев Нармахан
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Асқар тау сенде бір мін бар-Асу бермейсің;Тасқын су, сенде бір мін бар-өткел бермейсің;Билер, сендерде бір мін бар-Басқаға сөз бермейсің! 
©  Әйтеке би
Теңіз суы әрі ащы, әрі тәтті. Балық ішсе ол тәтті. Адам ішсе ол ащы. 
©  Гераклит
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір..
©  Ыбырай Жақаев
Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді. 
©  Лао-цзы
Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын..
©  Лао-цзы
Су — дүниедегi ең жұмсақ, ең әлсiз нәрсе, бiрақ қатты да берiк затты жеңуге келгенде әлемде оған тең келер ештеңе жоқ. 
©  Лао-цзы
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. 
©  Асан қайғы
Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды.
 
©  Бернард Шоу
Қалмаса қайнар азайып, аққан дария суалмас. 
©  Бұқар жырау
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады. 
©  Ғабит Мүсірепов