👈 қаріп өлшемі 👉

Сыр туралы Нақыл сөздер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 31
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 370
Нақыл сөздер: 19
Әңгімелер: 23
Поэмалар: 5
Шығармалар: 2

Әдемі де сүйікті айтылымдар қайдан шығады? Оларды талантты, яғни, зергер адам жасайды. Ал бұлардың мәні — сырының қандайлығын айқындап беру — біздің..
—  Аристотель
Сырыңды Аллаға айт, Одан шын сұра.
—  Нұрхалық Абдырақын
Су шықпас қазғанменен тау басынан,Қазақтың дау кетпейді сау басынан.Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
—  Ақан Сері
Махаббаттан мың түрлі сыр туады. 
—  Әл-Хорезми
Пышағыңды мұқалтпа, не кеспесті біліпсің?!Бейтанысқа сыр айтпа, не деспесті біліпсің?! 
—  Тоқсан би Жабайұлы
Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік..
—  Антон Чехов
Іштегі сыр — Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ — амал емей немене. 
—  Бұқар жырау
Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене. 
—  Бұқар жырау
Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң. 
—  Майқы би
Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.
—  Абай Құнанбаев
Нәтижелі еңбектің сыры — ең жақсы нәрсеге ұмтылу емес, жағдайға қарай әрекет етіп, шамаң жететін іспен айналысу.
—  Джон Рескин
...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.
—  Мигель де Сервантес
Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.
—  Франсуа Вольтер
Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
—  Бауыржан Момышұлы
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
—  Абай Құнанбаев

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы