Мін туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 36
Нақыл сөздер: 10

Жігіт мінін жеңгесі алдында айтпа.
©  Сақып Керелбаев
Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi. 
©  Артур Шопенгауэр
Асқар тау сенде бір мін бар-Асу бермейсің;Тасқын су, сенде бір мін бар-өткел бермейсің;Билер, сендерде бір мін бар-Басқаға сөз бермейсің! 
©  Әйтеке би
Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн. 
©  Шерхан Мұртаза
Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,Түзетуге именбе - тапсаң мінін. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай. 
©  Ғабит Мүсірепов
От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. 
©  Махмұд Қашқари
Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.
 
©  Асқар Сүлейменов
Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.
©  Мұхтар Әуезов
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
©  Міржақып Дулатұлы