Флоренс Найтингейл

Флоренс Найтингейл (ағыл. Florence Nightingale; 12 мамыр 1820, Флоренция — 13 тамыз 1910, Лондон, Ұлыбритания) — қоғамға өз үлесін тигізген мейірбике. Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Медбикелердің кәсіби мерекесі дәл осы күні тектен текке атап өтілмейді. Бұл күні Англия елінің азаматшысы, медбике Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) дүниеге келген. Ол Қырым соғысында (1853—1856) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашты. Қайырымдылық қызмет аясында олар соғыс кезінде жараланған азаматтарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ем-дом шараларын өткізген. Медбикелер тәулік бойы Түркия мен Қырым ауруханаларында оққа ұшқан жауынгерлерді емдеп, өлімнен арашалап, аяқтарына тұрғызған. Игі көмектері үшін оларға әр кез құрмет көрсетіліп, орасан зор алғыс білдірілетін. Флоренс Найтингейл ашқан қайырымдылық қызмет арқасында жауынгерлер өлімінің көрсеткіші 42%-дан 2%-ға дейін төмендетілді. Майданнан кейін өз еліне қайтқан Флоренс Найтингейл әскери медицина қызметін құрып, бар жергілікті медициналық мекемелерде ауа желдеткіштері мен су құбырларының орнатылуын талап еткен. 1860 жылы ол алғашқы медбикелердің қайырымдылық мектебін ашты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: