👈 қаріп өлшемі 👉

Ми туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 14
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Жүрегім – Африка, бауырым – Кипр,Миым – Мұзды мұхиттай...Не істемекпін?.. 
—  Мұқағали Мақатаев
Қарттың миы кәрі атқа ұқсайды: жұмысын сақтау үшін үнемі жаттығу керек.
—  Генри Брукс Адамс
Қазақ жеті атаға дейін қыз алмаған, қаны таза, миының мүмкіншілігі жақсы.
—  Ахметбек Нұрсила
Біздің денеміздегі кейбір мүшелер миымыздан да ақылды. 
—  Артур Шопенгауэр
Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау. 
—  Артур Шопенгауэр
Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.
—  Шал Құлекеұлы
Шығармашыл адам еркін болуы тиіс. Олардың миын жиналыстағы ақыл – кеңеспен емесе, іс - әрекет үстінде дамыту керек.
—  Қайырғали Медет
Маған спортпен шұғылдану, достарыммен бір жерге бару ұнайды, бірақ шахмат әрдайым менімен бірге болады-менің миымның ішінде
—  Магнус Карлсен
Өмірді қиындатпа
 Егер адам – білімі мен ақылын, жалпы мидың күшін басқа да болмайтын ойларға емес, тек нәтиже беретін істерге жұмсаса..
—  Марк Цукерберг
Сүйікті ісіңмен айналыс
 Кәсіпті нәсіпке айналдырудағы басты қағида – қатты қалап, көңіл құлаған іспен айналысу. Мысалы, мен тек өзім..
—  Марк Цукерберг
Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ. 
—  Ғабит Мүсірепов
Таранбаған әйелде — бір мекиеннің, таранған әйелде — екі мекиеннің миы бар. 
—  Асқар Сүлейменов
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.
—  Скотт Ридли
Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.
—  Бауыржан Момышұлы

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы