![]() |
|
![]() |
Әлем туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 102
Нақыл сөздер: 33
Туындылар: 2
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1
Эсселер: 1
Жоғары iзгiлiктiң белгiсi — бүкiл әлемдi оны өзiмiз алғаш көрген күйде қалдыру жөнiнде қиын шешiмге келуге жету.
— Бальтасар Грасиан
Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ.
— Артур Шопенгауэр
Ғасырға мына жетпесем мейлі,Жаныма терең көк те сүңгиді..Әлемнің сонша сезімін жинап,Жарылып қазір кетпесем игі..
— Нұрбол Құдайберген
Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.
— Уинстон Черчилль
Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.
— Әбіш Кекілбаев
Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.
— Габриэль Гарсиа Маркес
Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.
— Махатма Ганди
Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
— Махатма Ганди
Адамның қолында кем дегенде миллион жыл болса да, ол әлемдегі барлық қабырғалардан барлық боғауызшылдықты өшіре алмайды. Мүмкін болмайтын іс.
— Джером Сэлинджер
Өз сана сезіміңізді өзгерту ғана арқылы,сіз өз әлеміңізді қалыптастырасыз!
— Айжан Жарасбекова
Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар.
— Иосиф Бродский
Әлемді жастар билейді — қартайғанда.
— Бернард Шоу
Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.