Марғұлан Сейсембай

Марғұлан Қалиұлы Сейсембаев - қазақстандық инвестор, саяхатшы, қоғам қайраткері және бизнес-философ, «Сеймар» инвестициялық тобының директорлар кеңесінің төрағасы (1991-2009). 100-ден астам компанияның, меценат, қайырымдылық жасаушы.

2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін – қазақстандық «Альянс Банк» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің төрағасы.
2010 жылға дейін – ресейлік «СтарБанк» ЖАҚ-тың бақылаушы акционері.
«Сеймар» компаниясының негізін қалаушы (атау оның аты-жөні, Сейсембаев Марғұланның алғашқы екі буынынан құралған).
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының президенті.
"Seimar Social Fund" коммерциялық емес қайырымдылық қорының құрылтайшысы.
Қазақстандағы "Heileyberry School Almaty" жекеменшік ағылшын мектебінің құрылтайшысы және меценаты.
Қазақстанның жеті жас бизнесмені кірген Қазақстан Меценттар клубының мүшесі. Клубқа Болат Әбілов (төраға), Райымбек Баталов, Еркен Қалиев, Қайрат Сатылғанов, Марғұлан Сейсембаев, Нұрлан Смағұлов, Нұржан Сұбханбердин мүше болды. Меценаттар клубы 2000 және 2007 жылдар аралығында жеті категория бойынша Қазақстанның көрнекті әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлеріне беріліп келген «Тарлан» тәуелсіз сыйлығын жариялады.
2020 жылдың қыркүйегінде Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Украинада реформаларды ендіруде және жүзеге асыруда көмектесетінін хабарлады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: