Халық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 145
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 321
Нақыл сөздер: 124
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Халықты құрметтегенде ғана халықтың құрметіне бөленесің.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Дүниеде ұлы халық, ұлы емес халық жоқ. Ұлт болады екен, оның ұлы қасиеттері, ұлы құндылықтары болғандықтан ұлт! Алайда оның ұлы қасиеттерін, ұлы..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Халық дегеніміз – өздерін бір бүтін сезінетін адамдардың ортақ бірлестігі.
©  Освальд Шпенглер
Халық басқа халықтармен салыстырғанда ғана ақиқатқа айналады.
©  Освальд Шпенглер
Мемлекет дегеніміз – халықтың пошымы.
©  Освальд Шпенглер
Халық икем қашандаЖасырын ойран жасауға.
©  Александр Пушкин
Көктем шындап түнерсе, нәрін төгеді,Халық шындап түнерсе, кәрін төгеді. 
©  Сайын Назарбекұлы
Əр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сəйкес айқындалатын өз адамгершілігі бар.
©  Эмиль Дюркгейм
Əр халықтың өз моральдік философия мектебі бар.
©  Эмиль Дюркгейм
Халықтың сүйіспеншілігінен басқаның бәрі атылады. 
©  Проспер Мериме
Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз..
©  Қасым-Жомарт Тоқаев
Ер үстiнде ұйықтамасаң,Атқа мiнiп нең бар?!Халық қамын ойламасаң,Датқа болып нең бар?! 
©  Саттар Ерубаев
Бастысы, маған деген халықтың көзқарасы өзгерген жоқ.
©  Жан Ахмадиев
Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ. 
©  Артур Шопенгауэр
Ұйықтап жатқан халық - не құрып бітеді, не құл болып оянады!
©  Мұстафа Кемал Ататүрік
Ақылды билік - наразы халықтың себебімен күреседі,ақылсыз билік - наразы халықтың  өзімен күреседі. 
©  Заманбек Нұрқаділов
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ата-ананың қадірін білмеген — халық қадірін білмес. 
©  Ғабиден Мұстафин
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.2. Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.3. Асты күтпей ысырап..
©  Өсиет сөздер
Халық мұқтажсыз өмір сүруге дағдыланған, бірақ мұның бәрі қазір жойылып кетеді. КСРО ыдырағаннан кейін жағдайдың өзгеруіне бейімделе алмаған қарт..
©  Игорь Рыбаков
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Халық ішінде сұмырай келген жақтан бір апат, не жұт, не ашаршылық болады деген наным бар. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Қар ерітем деп тұз төкпе табаныңа, ол сенің ризығың. Дәм-тұз деген киелі сөз бар. Қарыңды көшеге күреме, жолдың иесі халық. 
©  Нұрхалық Абдырақын
Отанымыз, халқымыз бізден қымбат болуы керек
©  Қуат Хамитов