![]() |
|
![]() |
Ерлік туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 52
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 50
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар: 4
Эсселер: 5
Кез келген шуда шу шығарушы үшін қолайлы бірдеңе болады: шулап жүрген кезі өзіне ерлік көрінетін сияқты.
— Роберт Вальзер
Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек.
— Жүсіпбек Аймауытов
Әрине, өздерін ана болуға арнаған әйелдер бар. Мен мұны құптаймын және бұл үлкен ерлік деп санаймын – тек балалармен айналысу, өзін үйге, өмірге..
— Роза Рымбаева
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза..
— Қасым-Жомарт Тоқаев
Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.
— Әбіш Кекілбаев
Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
— Виссарион Белинский
Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.
— Виктор Гюго
Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды.
— Оноре де Бальзак
Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.
— Максим Горький
Екі дүниеде жырласақ Ана ерлігін, Ананың өжеттігін жырлайық та!
— Ғабит Мүсірепов
Моральдық тұрғыдан алғанда ерліктен асқан адамгершілік іс жоқ.
— Александра Коллонтай
Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ер жүрек адам қайырымдылық жасауға басқадан гөрі қабілетті келеді.
— Николай Шелгунов
Телегей теңіз қан төккен батырлықтан гөрі жалғыз тамшы көз жасын құрғатқан батырлық анағұрлым артық.
— Джордж Байрон
Ақылмен ұштасқан ерлік ерліксіз жеке ақылдан гөрі көбірек көмектеседі.
— Люк де Копье Вовенарг
Кез келген әйел махаббат жолында ерлік жасауға қабілетті.