👈 қаріп өлшемі 👉

Жақсылық туралы Нақыл сөздер ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 54
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 71
Нақыл сөздер: 61
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 2

Жақсылық пен жамандық адамның екі аяғы секілді. Біреуін алға бассаң, екіншісі өзінен өзі қасыңа келеді.                                              ..
Жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да өзіңе қайта айналып келеді. Себебі, өмір — бумеранг.
—  Дәулет Мұқаев
Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді. 
—  Сайын Назарбекұлы
Өнеркəсіп тек жақсылық қана əкелмейді, оған қасірет те еріп жүреді – сөйтіп, теңбе-теңдіктің бұзылуына жол ашады. Бірақ, өкінішке орай, бұған өте аз..
—  Жорж Батай
Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.
—  Жорж Батай
Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе – екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.
—  Жорж Батай
Тағы бір айтатын мәселе, Алланың жақсылық, мархабаты мол, мейірім-шапағаты өлшеусіз деп халықты адастырып қоймағын!
—  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.
—  Роберт Вальзер
Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.
—  Роберт Вальзер
Жақсылыққа деген үміт көп жерде, аярлардан аяқ алып жүре алмайсыз.
—  Роберт Вальзер
Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.
—  Жан Бодрийар
Адам болсаң, болғайсың адал жанды,Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды.Жақсылықты жақсылық табар іздеп,Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды? 
—  Низами
Адамнан ар кеткенше жан кеткені жақсы. Сенің үлкен жақсылығың адамдардың есінде қалмауы мүмкін, кішкене жамандығың мәңгі ұмтылмайды.
—  Естеу ЖҮНІС
Білімі жоқ адамның өз жақсылығы өзінеде жетпейді.
—  Естеу ЖҮНІС
Жақсылығың жамандыққа, жамандығың жақсылыққа айналып кетпесін.
—  Естеу ЖҮНІС
Сыйласымдық- Табыс, Силасымдық- Даңық.Сыйласымдық- Мерей, Силасымдық- Шабыт.Сыйласымдық- Атақ, Силасымдық- бақыт.Сыйласымдық- Аброй, Силасымдық..
—  Естеу ЖҮНІС
Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, өйткенi оны жасайтын басқа ештеңе жоқ. 
—  Роберт Пенн Уоренн
"Мен жақсылық жасағым келеді, Мен әлемнің жақсарғанын қалаймын, өйткені Мен осында болдым.“
—  Уилл Смит
Ешқашан соғыстан қорықпаңыз. Соңында соғыс әрқашан жақсылық әкеледі.
—  Марғұлан Сейсембай
Адамдардың ең абзалы - жақсылық жасағандары. 
—  Ардақ Назаров
 Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса.
—  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Алауға қанша отын салсаң - сонша жылу қайтарады.Адамдарға қанша мейірімділік жасасаң - Алла сонша жақсылық қайтарады.
Бес күн, мына жалған тіршілікте, қолымыздан келгенінше, бір-бірімізге тек жақсылық жасайықшы. 
—  Өсиет сөздер
Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар, ол: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілдік.
—  Өсиет сөздер

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы