![]() |
|
![]() |
Адамгершілік туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 38
Тақпақтар: 1
Нақыл сөздер: 44
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1
Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.
— Сайын Назарбекұлы
Адамгершілік – ең қажет минимум жəне аса қатал қажеттілік, ол – онсыз қоғам өмір сүре алмайтын күнбе-күнгі нанымыз сияқты.
— Эмиль Дюркгейм
Əр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сəйкес айқындалатын өз адамгершілігі бар.
— Эмиль Дюркгейм
Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз.
— Мұхаммед Бағдади
Адам адамды тек адамкершілігімен қанағаттандырады.
— Естеу ЖҮНІС
Адамдағы ең ұлы, ең иманды нәрсе — аяу мен кешіру қабілеті.
— Александр Дюма
Өскелең ұрпаққа чемпион болу үшін қайтпас мінез, қаймықпайтын жүрек, адамгершілік пен еңбекқорлық керек, оларға спортпен айналысуға жағдай жасалуы..
— Бақтияр Артаев
Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
— Виссарион Белинский
Қай қоғамның адамгершілік жағынан құлдырауға ұшырауы нақ осы ана тілінің тағдырына салғырт, немқұрайлы қарауынан басталады. Өзін өмірге алып келген..
— Қайырғали Медет
Қарапайымдылық — жасыл алқап.Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.
— Иүгінеки Ахмед
«Кісілік келбет адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, іскерлік пен ізденімпаздыққа, білім-білікке саяды ғой, ал, болмыс – бүкіл..
— Мархабат Байғұт
Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін..
— Шыңғыс хан
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
— Мұстафа Шоқай
Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
— Ыбырай Алтынсарин
Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.
— Бейсенбай Кенжебаев
Жақсы көрші болу дегеніміз - көршіге жәбір көрсетпеу және зияныңды тигізбеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көршінің жәбіріне төзу, сабыр ету..
— Ариф Ривагари
Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер
— Наполеон Бонапарт
Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.
— Чарльз Дарвин
Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды.
— Бернард Шоу
Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.
— Бұқар жырау
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.Тәуекел деп ат қойып ықтималға,Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен.