Қасиет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 49
Нақыл сөздер: 65
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 1
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 4

Адамның бойындағы тұлғалық қасиеті – тəңірлік рухтың таңғажайып оқшаулануы.
©  Макс Шелер
Философтың басты қасиеттерінің бірі – өзіне қатысы жоқ мəселелерге мойын бұрмайтындығы.
©  Людвиг Витгенштейн
Өзгелерді де өзіңдей көру – Нағыз көргенді, тәрбиелі адамдардың ғана бойында болатын қасиет.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі.
©  Жан Бодрийар
Ана-қасиетті жан
Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді. 
©  Артур Шопенгауэр
Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет. 
©  Артур Шопенгауэр
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. 
©  Ғабиден Мұстафин
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес..
©  Ғабиден Мұстафин
Алтыным! "Қандай адам қадірлі?" дейсің.Ол сен биікке жетсең де, төмендесең де қадірлей білетін, байлығыңды емес, адамдығыңды бағалайтын, ешуақытта..
©  Әкім Ысқақ
Әріптесім Абай Тоқсаба бірде иті туралы айтқан мынадай әңгімесі есімде қалыпты. Оның Құттыаяқ атты иті соңғы кезде босатса болды, қай-қайдағы..
©  Әкім Ысқақ
Адам баласының ең қажет екі қасиеті — ақыл-оймен сөз. 
©  Плутарх
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.2. Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.3. Асты күтпей ысырап..
©  Өсиет сөздер
Табанының бүрі жоқ,Тап бергенін қайтейін.Қасиеттің бірі жоқ,Бақ келгенін қайтейін
©  Шілтерханов Әдіһам
Қазақтың барша ұлттық қадыр – қасиетінің қаймағы бұзылмай сақталған оңтүстіктің елі мен жері.
©  Тұрысов Еркінбек
Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.
©  Ілияс Есенберлин
Қасиет мол нұр ойда,Қасірет көп кір ойда.
©  Төретайұлы Қабылбек
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
©  Қорқыт ата
Әйелдердің бір сезімтал қасиеті бар екенін мойындау керек. Олар үнемі жан сұлулығын тани білетін жандар. 
©  Михаил Лермонтов
Ақындық – адамның бойына табиғат сыйлаған қасиет. Ақындық – менің туа біткен талантым деп ойлаймын.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақындық қасиет – бір Алладан. Оны дамыту-дамытпау адамына байланысты. Шын ақын бойына дарыған қасиетін халқына қайтып беруге міндетті.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. 
©  Дінмұхамед Қонаев
Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды. 
©  Дінмұхамед Қонаев
Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы..
©  Нұрхалық Абдырақын
Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма? 
©  Махатма Ганди