Қарапайымдылық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 19
Әңгімелер: 1
Эсселер: 1

Орыс шындығы мен қарапайымдылығы деген біздің салыстырмалы түрде алғандағы, төмен мəдениетіміздің көрінісі.
©  Лев Шестов
Күтпеген қарапайымдылық адам бойына кенеттен келіп енсе де, ұзақ пісіп-жетілу мен гүлдеуді қажет етеді.
©  Мартин Хайдеггер
Саған керегі – қандай қарапайымдылық! – мəңгілік...
©  Элиас Канетти
Қарапайымдылықтың шын мəніне келгенде жасырынған атаққұмарлықтың өзінен басқа ештеңе де емес түрі де кездеседі.
©  Альфред Адлер
Əдетте қарапайымдылықтың сыртында күш тұр деп ойлайды.
©  Роберт Вальзер
Жалған қарапайымдылық даңққұмарлық секілді сасық нәрсе. 
©  Карло Гальдони
"Жоғары дәреже-бұл мақтаныштың алғашқы сатысы және қарапайымдылықтың соңғысы.“
©  Адриан Декурсель
Бақыт қарапайым өмір сүруде. Зәулім үй салып шаршағанша жай үй сал, қымбат машиаға асылғанша зулап тұрған көлік ал, қанағат етіп жаныңды тыншыт. Өмір..
©  Нұрхалық Абдырақын
Қарапайымдылық — жасыл алқап.Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.
©  Иүгінеки Ахмед
Қарапайымдылық - менің табиғи кемшілігім. 
©  Сальвадор Дали
Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық — барып тұрған екіжүзділік. 
©  Франсуа де Ларошфуко
"Жақсылықтың күші оның қарапайымдылығында.“
©  Эрнст Фейхтерслебен
Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.
 
©  Саиф Сараи
Кішілік пен кісілік— ұлылықтың белгісі. 
©  Махмұд Қашқари
Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым. 
©  Жалаладдин Руми
Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.
©  Брюс Ли
Күшті, қайратты адамдар қарапайым болып келеді
©  Лев Толстой
Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.
©  Лев Толстой
Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
©  Лев Толстой