Ар туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 61
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 95
Нақыл сөздер: 44
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Таза Қазақстан, Таза Қазақстан дей бермей, сонымен бірге арды да таза ұстаңыздар! Таза Қазақстан — таза ардан басталады! Ауыл биі Руслан Құдияров
© Руслан Құдияров
Ар мен сорың таңдауың өз қолыңда, Арзан қол ақыл айту оң, солыңа. «Ақырын жүр, анық бас» дейді Абай, Түспеу үшін шырмалған өз торыңа...
© Жібек Ысқақова
Арманың биік болмайынша адымың ашылмайды,Арың таза болмайынша қарығың ашылмайды.
© Жәди Шәкенұлы
Әдебиет ардың ісі дейміз де, арсыздықты жырлаймыз. Біздің әдебиеттен зинаның исі әлі аңқып тұр…
© Нұрхалық Абдырақын
Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.
© Махатма Ганди
Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.
© Шалкиіз Тіленшіұлы
Жануарлардан адамзат баласының айырмашылығы ар-ожданы мен ұятында жатыр деген пікірді толығынан қостаймын. Ол қысқа, соған қоса мейлінше қуатты әрі..
© Чарльз Дарвин
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық..
© Ғабит Мүсірепов
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.
© Абай Құнанбаев