Элиас Канетти

Элиас Канетти (1905–1994) – австрия жазушысы. Əдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Философ һəм социолог ретінде кең танылған. 1905 жылы 25 шілде де Болгарияда Дунай өзенінің бойындағы Рушук қаласында дүниеге келген. Ол кезде бұл өңір Австро-Венгрия империясының құрамына кіруші еді. Ата-бабасы – XV ғасырда Испаниядан қуылған еврейлер əулетінен көрінеді. Канетгилер 1911 жылы – Лондонға, 1913 жылы Венаға көшкен. Философ-жазушы 1924 жылы Вена университетін бітіріп, философия ғылымдарының докторы ғылыми атағын алып шықты. 1927 жылы өзінің ең көрнекті еңбектеріне айналған – «Көрсоқыр» («Ослепление») романы мен «Бұқара жəне билік» пəлсафалық туындысын бастайды. 1936 жылы нүктесі қойылған алғашқы кітап XX ғасырдың аса ұлы шығармалары қатарына қойылып, 1981 жылы (жазылғанына 45 жыл өткеннен кейін) Нобель сыйлығымен марапатталды. Сөйтіп, жазушының небəрі жиырма алты жасында дүниеге келген роман автордың жетпіс алтыдан асқан шағында бүкіл əлем мойындаған шедеврлер санатына ілікті. Екінші еңбек болса отыз жылға жуық жазылып, тек 1959 жылы ғана баспаға ұсынылды. Э.Канетти 1938 жылы фашистердің қол астында қалған Австриядан көшіп, Англияға қоныс аударады. Сонда мəңгі көз жұмды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: