![]() |
|
![]() |
Ақылды туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 53
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 24
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Ақымақ уақытты қалай тез өткізуді ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тез пайдалануды ойлайды.
— Артур Шопенгауэр
Ешкім де сізден күшті емес! Ешкім сізден ақылды емес! Тек олар сізден ерте бастаған!
— Брайан Трейси
Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.
— Франсуа де Ларошфуко
Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.
— Бейсенбай Кенжебаев
Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.
— Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ақыл үйрету мен ақылды болу — мүлде бөлек нәрселер.
— Георг Лихтенберг
Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы — сол лимитті азайту.
— Дейл Карнеги
Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым.
— Жалаладдин Руми
Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.
— Бауыржан Момышұлы
Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.
— Бауыржан Момышұлы
Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.