👈 қаріп өлшемі 👉

Құмарлық туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 2
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 22

Адамның өзімен-өзі болып, оқшаулануының астарынан даңқ құмарлық пен атаққұмарлықтаң жасалған тұғырдың елесін көру онша қиын емес.
—  Альфред Адлер
Өмір адамды өзгерте алмайды – бұлай істеуге адамның көрсе қызарлығы мен даңқ құмарлығы мүмкіндік бермейді.
—  Альфред Адлер
Махаббат — ол сен бересің, және сен одан да көп бергің келеді. Құмарлық — бұл сен алуында, және сен тағы да алғың келеді.
—  Анджелина Джоли
Жалған қарапайымдылық даңққұмарлық секілді сасық нәрсе. 
—  Карло Гальдони
"Көптеген әйелдерге мен құмарлықпен қарадым. Мен жүрегімде көптеген неке адалдығын бұздым.“
—  Джимми Картер
Бір қызығы, барлық романтика қылмыстық шекарамен шектеседі. Мысалы, үйдің қабырғаларын бояу, гүлзардан гүлдер алу, кіреберісте махаббатпен айналысу...
—  Нұрлан Сабыров
Менің жалғыз құмарлығым бар – жеңу!
—  Владимир Кличко
Әйел әлемі – біз үшін таңсық әлем. Білуге құмармыз.
—  Сарыбаев Қаныбек
Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).
—  Роберт Кийосаки
Адам баласының жүрегінде құмарлық атаулы толассыз алмасып жатады, құмарлықтың бірі өшсе, бірі бас көтере бастайды. 
—  Франсуа де Ларошфуко
Құмарлық көп ретте ақылдыны ақымаққа айналдырады. Ақымақтарға ақыл салатын кезі де аз емес. 
—  Франсуа де Ларошфуко
Құмарлыққа әділетсіздік пен пайдакүнемдік сондай тән, сондықтан оған сену қауіпті, тіпті ақылға сыйымды болып тұрса да сақтанған абзал. 
—  Франсуа де Ларошфуко
Біз өз құмарлықтарымызды ізгілік пен жақсылықтың пердесімен қанша бүркемелеуге тырыссақ та, ол бәрібір шымылдықтың ар жағынан көрініп тұрады. 
—  Франсуа де Ларошфуко
Адамдар барып тұрған күнәһар құмарлықтарымен жиі мақтанады, бірақ ұяңда жасқаншақ құмарлық - күншілдікті ешкімнің мойындауға дәрмені жетпейді. 
—  Франсуа де Ларошфуко
Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi. 
—  Блез Паскаль
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
—  Будда
Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.
—  Билл Гейтс
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
—  Цицерон
Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.
—  Бауыржан Момышұлы
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.
—  Бауыржан Момышұлы
Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!
—  Жүсіп Баласағұни
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
—  Цицерон

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы