![]() |
|
![]() |
Ата-ана туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 19
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 20
Нақыл сөздер: 23
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 1
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
— Ғабиден Мұстафин
Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
— Ғабиден Мұстафин
Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына..
— Бейсен Құранбек
Ата-анаңызды құрметтеңіз. Олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды.
Ата–ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.
— Антон Макаренко
Ата-аналарым пәтер сатты, маған инвестиция салу үшін.
— Жансая Әбдімәлік
Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
— Ыбырай Алтынсарин
Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
— Бауыржан Момышұлы
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен.