![]() |
|
![]() |
Тіршілік туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 7
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 102
Нақыл сөздер: 22
Әңгімелер: 4
Шығармалар: 1
Эсселер: 1
Біздің тіршілігіміздің бəрі – болмысты тəмамдаудан басқа ештеңе де емес.
— Жорж Батай
Тіршіліктің бақыты мен қайғысы басқа түскен істің бақ, не сор болғанынан емес, қайта біздің оған қалай бетпе-бет келуімізге, қалай сезінуімізге..
— Артур Шопенгауэр
Жұмаға бармай, асқа асығып кетіп бара жатқан адам қазірге теңеуі жоқ тіршілік.
— Нұрхалық Абдырақын
Біреу жылайды, біреу күледі. Біреу басына іс түсіп, зар қақсайды, біреу мүлдем ойсыз... пісте шаққанына мәз. Біреуге ой керек, біреуге той керек...
— Әкім Ысқақ
Бес күн, мына жалған тіршілікте, қолымыздан келгенінше, бір-бірімізге тек жақсылық жасайықшы.
— Өсиет сөздер
Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
— Ғабит Мүсірепов
Әркезде қоғам тiршiлiгi өнiмсiздiкке ұшырап, iштей жұтай бастағанда заман әуенiне қарай не дiнге, не саясатқа қамшы басады.
— Ғабит Мүсірепов
Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.
— Пауло Коэльо
Тұрмыс деген тәңір атқан, ұйықтап жатқан айдаһар. Оят тағы, ауызынан, бақ дегенді барып ал!
— Бернияз Күлеев
Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...