Көңіл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 93
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 781
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 62
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2

Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де..
©  Нарша Булгакбаев
Көңілің көктем болса, өмірің жаз болады,Айдының ашық болса аққу мен қаз қонады.
©  Жәди Шәкенұлы
Өңі қара, көңілі таза.
©  Сақып Керелбаев
Көңілге балға ұрғандай зірк етіп қатты тиетін сөйлемдер онша көп емес.
©  Жиль Делез
Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті. 
©  Роберт Вальзер
Күн ұзарып келеді, күн ұзарып,Көңілім де бөлмемдей жылы, жарық..
©  Жарасбай Нұрқанов
Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза. 
©  Ғабиден Мұстафин
Зарығып өткен көңіл мұңлы, босқа кеткен уақыт мұңлы.
©  Естеу ЖҮНІС
Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік..
©  Артур Шопенгауэр
Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады. 
©  Ғабиден Мұстафин
Бұл өмір өткінші, шын екен деп қатты беріліп, елдің көңілін қалтырып, кісі бетін жыртпа.
©  Нұрхалық Абдырақын
Үлкен іс бастарда өзіңді тыңда, көңілің тартпаса зорланба. Әйеліңді тыңдама. Өзіңе қатты сенбе және жаныңа өте жақын алма, оның нәтижесін ойлан..
©  Нұрхалық Абдырақын
Адамның көңіліне қарап сөйлеу, үлкен имандылықтың белгісі.
©  Өсиет сөздер
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
©  Абай Құнанбаев
Ашық көңілді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сауықшыл, ер болмақ. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Сабыры жоқ мынау сойқан көңілге, Сарсаңдықтың азабы да аз бірақ... 
©  Гүлманат Әуелхан
...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.
©  Сенека
Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.
©  Шал Құлекеұлы
Имансыз көңiл — кiрмен тең.
©  Шал Құлекеұлы
Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.
©  Сократ
Шын сүйгeн қасірeтті көңіл қашан да асқақ. 
©  Виктор Гюго
       Ынта, талап және көңіл – кәсіптің анасы. Ынтасыз, талаптанбай, көңілсіз атқарылған тірлік оңа ма?..
©  Әбдінағым Көшер
Көңіл тазалығы мен адалдық – нағыз мәдениетті жанға тән қасиет.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Жастық шағың көңіліңде ешқашан да көнермейді.
©  Бегалиев Нармахан