Еңбек туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Келсе егер өрлегің, Сылтауға жол бермегін! Еңбек етсең шығасың, Биікке өрлеп, қыратқа. Ісің алға баспайды, Жалқау болсаң бірақта... Наны тәтті..
©  Жібек Ысқақова
Еңбек етсең маңдай термен қыр асып, Тамыр жаяр бұл өмірің гүл ашып...
©  Жібек Ысқақова
Жансын десең еңбегің, Жұмыс жаса, терлегін!
©  Жібек Ысқақова
Еңбек етсең жетесің, Өрлеп таудың шыңына. Шалыс бассаң құлайсың, Есте сақта мұны да...
©  Жібек Ысқақова
Қолың жетер биікке, Еңбек етсең ерінбей. Білім ізде кітаптан, Жалқаулыққа берілмей.
©  Жібек Ысқақова
Еңбек етсең тоқтамай, Биікке өрлеп шығасың. Ақылменен іс қылсаң, Өмір ғажап, ұғасың...
©  Жібек Ысқақова
Наны тәтті еңбектің, Іс жасасаң жүрекпен. Кітап оқы, жалықпа, Шығаратын түнектен.
©  Жібек Ысқақова
Еңбек етсең шығасың, Биікке өрлеп, қыратқа. Ісің алға баспайды, Жалқау болсаң бірақта...
©  Жібек Ысқақова
Келсе егер өрлегің, Сылтауға жол бермегін!
©  Жібек Ысқақова
Еңбек — өмір шынысына адамның құятын майы, ой — жағатын оттығы. 
©  Стендаль Фредерик
Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан..
©  Нарша Булгакбаев
Арман, мақсат, жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз..
©  Нарша Булгакбаев
Ауыр еңбектің азабы ұмытылады, жемісі қалады,Қанды ұрыстың қазасы ұмытылады, жеңісі қалады.
©  Жәди Шәкенұлы
Еңбекке жүгірген жанның еншісін Алла береді.
©  Жәди Шәкенұлы
Өзін халқына арнап, ел үшін адал еңбек еткен жанды ерте ме, кеш пе халқы да ардақтайтын болады.
©  Жәди Шәкенұлы
Мән-мағыналы өмір ғана ұзақ ғұмыр болып есептелмек. Ал өмірдің мәні еңбекте.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Еңбегің сіңбегеннің бəрін алу үшін барынша қаусаған қарияға айналсаң жетіп жатыр.
©  Элиас Канетти
Ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді әдісі, бұл — команда.
©  Марғұлан Сейсембай
Еңбек бөлінісі – адамзат қоғамы тіршілігінің аса маңызды шарты.
©  Альфред Адлер
Елге еткен еңбек еленер.
©  Сақып Керелбаев
Еңбек етпей акша табу Егін екпей алумен тең.
©  Әбілсейіт Бахытбек
Кім еңбек етпейді.Сол максатына жетпейді.
©  Әбілсейіт Бахытбек
Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты. 
©  Сайын Назарбекұлы
Еңбек жайбарақаттықты жеңеді.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Егер еңбекке кіріскен кезде «неге?» дей алар болсақ – онда біздің бар күш-жігеріміз, бүкіл эволюцияны баса-жанша, жерменжексен болады: өйткені, біз..
©  Пьер Тейяр де Шарден