👈 қаріп өлшемі 👉

Михаил Лермонтов

Лермонтов Михаил Юрьевич (15.10.1814, Мәскеу — 27.7.1841, Пятигорск) — орыс ақыны.

1828 — 30 ж. Мәскеу ақсүйектер пансионында тәрбиеленіп, 1830 — 32 ж. Мәскеу университетінде білім алған. 1834 — 37 ж. Гусар полкінде әскери қызметте болды. Тұңғыш өлеңдері мен поэмаларын пансионда оқып жүргенде жазған (“Черкестер”, “Кавказ тұтқыны”). 1837 ж. 1 ақпанда А.С. Пушкин қаза болғанда жазған “Ақын қазасы” атты өлеңі үшін қамауға алынып, Кавказға жер аударылды. 1841 ж. Пятигорск қаласында офицер Мартыновпен дуэлде мерт болды. Лермонтов орыс әдебиетінде Пушкиннің ізбасары ретінде танылды. Лермонтовтың “Періште”, “Желкен”, “Русалка”, “Бородино”, “Тұтқын”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, “Пайғамбар”, т.б. лирик. өлеңдері; “Мцыри”, “Демон”, т.б. поэмалары, “Бір түрлі адам”, “Екі ағайынды”, “Маскарад” (өлеңмен жазылған) драмалары; “Біздің заманның қаһарманы” романы, т.б. повестері мен очерктері орыс әдебиетінің озық үлгілері болып саналады. Лермонтов өз шығармаларында 19 ғ-дағы орыс өмірін, қала мен дала адамдарын, әскерлер, зиялылар, шаруалар өмірін, өзге халықтар тағдырын көрсетті. Орыс, кавказ, түркі халықтары тарихы мен фольклорының сюжеттерін шығармаларында ұтымды пайдаланды. Лермонтов шығармаларын І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, т.б. көптеген ақындар қазақ тіліне аударды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы