Бірлік күні құтты болсын! 1 мамырға тілек өз сөзіңмен

Бірлік күні  1 мамыр сурет фото

1) Бірлік күні құтты болсын!

Құрметті Қазақ елі, бүгінгі 1-ші мамыр «Бірлік күні» құтты болсын! Көпұлтты мемлекетімізде бір шаңырақ астында тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің ынтымақ, достастығы
артып, бірлігіміз жарасын таба берсін!

Құтты болсын Бірлік күні Қазағым,
Ынтымақта арта берсін ғажабың.
Сыйластықтар арта берсін әр күні,
Жүздеріңіз жайнап, кіріп ажарың!


2) Бірлігіміз жарасып

Бүгінгі 1-ші мамыр бірлік күні құтты болсын құрметті Қазақстан халқы! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Бірлігіміз бен тірлігіміз жарасып, ынтымақ пен достастығымыз арта берсін!

Құттықтаймын бүгін Бірлік күнімен,
Кетпесінші қуаныштар жүзіңнен!
Ынтымақ пен бірлігіміз жарасып,
Шаттықты күй шыға берсін үніңнен!


3) Құтты болсын Бірлік күні бүгінгі

Құрметті де қадырменді Қазақстан халқы! Бүгінгі 1- мамыр Бірлік күні құтты болсын! Жүздеріңізден қуаныш кетпей, ынтымақ достастығымыз арта берсін! Бір шаңырақ астында бір отбасындай сыйластықта күн кеше берейік! Әрбір күндеріңіз сәттілікке толы болып, берекелі де мерекелі болсын!

Құтты болсын Бірлік күні бүгінгі,
Ұсынамын сыйластықта гүлімді.
Қазақстан халқы аман болсын деп,
Арнаймын мен сіздерге тілек үнімді.


4) Бақ- береке, ынтымақ тілеймін мен

Бақ-береке, ынтымақ тілеймін мен,
Қазақстан халқына шын жүректен.
Жүздеріңіз жайнап тек, күлімдесін,
Күндеріңіз көп болып күлімдеткен

Деп, сіздерді бүгінгі Бірлік күнімен құттықтаймын! Бір шаңырақ астында мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақ пен бірліктеріңіз артып, сыйластықта өмір сүре берейік! Достастығымыз жанданып, әр күн сайын жұлдыздай жарқырай беріңіздер!


5) Ынтымақ пен бірліктің күні бүгін

Құтты болсын Қазақстан халқы бүгінгі 1-ші мамыр бірлік күні! Ынтымақ пен бірлігіміз жарасып, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кеше берейік! Жүздеріңіз жайнап, әр күндеріңіз сәттілікке толы болсын! Арайлы атар әр таңдарыңыз қуанышы мен бақытына бөлей берсін!

Ынтымақ пен бірліктің күні бүгін,
Сыйластық пен татулық үні бүгін.
Құтты болсын Қазақстан халқы сізге,
Достастықты арттырар Бірлік күнің!


6) Достастығымыз арта берсін!

Көпұлтты мемлекетімізде меккедеген көптеген ұлт өкілдері мен қазақ бауырлары! Сіздерді бүгінгі бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, таусылмас бақыт, сарқылмас қайрат пен жігер тілеймін! Ұлтаралық ынтымақ бірлігіміз жарасып, достастығымыз арта берсін!

Құтты болсын бірлік күні Қазағым,
Сыйластықта атып әрбір таңымыз.
Ұлтаралық татулық арта берсін,
Тамыр жайып тереңінен бағымыз!


7) Құтты болсын мереке

Бүгінгі «Бірлік күні» құтты болсын Қазақ елі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ынтымақ пен бірлігіміз жарасып, көңіліміз көтеріліп, жанымыз жадырасын! Бірлігіміз бен тірлігіміз жарасым табв берсін!

Құтты болсын бүгін бірлік күніміз,
Таусылмасын әніміз бен жырымыз.
Әр күніміз шаттықта өте берсін,
Тамыр жайып хош иісті гүліміз.


8) Үндесейік бәріміз

Құтты болсын бірлік күні, мереке,
Арта берсін ынтымақта, береке.
Үндесейік бәріміз татулықта,
Әуезді әнмкн жанымызды тербете...

Деп, сіздерді бүгінгі Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтаралық сыйластық пен ынтымақ, бірлігіміз арта берсін! Жүздеріңізден күлкі кетпей, көңілдеріңіз шад-шадыман күйге ене берсін!


9) Құттықтаймын сіздерді мерекемен

Бүгін мамырдың 1-ші жұлдызы, яғни Бірлік күні құтты болсын! Елімізде мекендеген түрлі ұлттар арасындағы ынтымақ пен бірліктеріміз жарасын таба берсін! Күндей болып жарқырасын жанымыз, қуанышта атып әрбір таңымыз. Бірлік күні бірлігіміз жарасып, кіре берсін әніміз бен сәніміз!


10) Бүгін шаттық мереке құтты болсын!

Бүгін шаттық мереке құтты болсын,
Еліміз бен жеріміз аман болып.
Ынтымақ пен сыйластық күшті болсын,
Тыныш бейбіт ғажайып заман болып.

Әр шаңырақ, әр үйге бақыт қонсын,
Көңіліміз жаздайын жайнап дәйім.
Қиындықтар біздерден аулақ болсын,
Жанымызды жейтіндей жоқ боп уайым.

Бірлігіміз жарассын, тірлігіміз,
Татулықтың мекені есік ашып.
Жүрейікші жарасып достығымыз,
Ағын судай әрдайым көңіл тасып!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу