Ғабит Мүсірепов

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;
1928 – 32 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;
1938 – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 57 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 61 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1959 – 85 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы