Қоғамдық құбылыстар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 30

Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.
Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.
Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.
А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың,
Сыйламасаң жан қинарсың.
Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.
Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Ай мен күн әлемге бірдей.
Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.
Өсекке кірмесе, есепке кірмес.
Асыққанның ісі шала.
Айтылғанның айыбы жоқ.
Өзім тойсам да көзім тоймайды.
Айхай көкірек, не демейді сұм жүрек.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садақа.
Біреуді қор тұтсаң қор боларсың,
Біреуді зор тұтсаң зор боларсың.
Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.
Жұрт жаманға қалды,
Жүк тайлаққа қалды.
Ажалдан ақша беріп құтылмас.
Менменнің тобасы қабыл болмас.
Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.