Ерлі-зайыптылар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 27
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 1

Жаман әйел жақсы ерді өмір бойы қинайды.
©  Саиф Сараи
Көріксіз әйелдің күйеуі көзсіз болсын.
©  Саиф Сараи
Жасырын нәрсе – келінде («ол жақсы нәрсені өз ері үшін жасырып қояды» деген мағынада).  
©  Махмұд Қашқари
Бар бәле – әйелден (әйел туралы даудан).
©  Жүсіп Баласағұни
Сүйіктінің әрбір ісі сүйкімді.
©  Жүсіп Баласағұни
Жасауы мол қыздың күйеуі жуас келеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Әйел де ай сәулесі сияқты: есікті жапсаң, түндіктен түседі.  
©  Құтып
Әйелге күш көрсету – ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.  
©  Құтып
Көрікті жан алыста тұрып-ақ торға түседі (әйел туралы айтылады)
©  Құтып
Құр тоздырып нұрлы жүздің жылуын,
Іздей көрме көрікті қыз сұлуын.
Ей, жас жігіт, жар таңдаған біледі,
Құр сұлуды іздесең – жұрт..
©  Жүсіп Баласағұни
Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол – дақ түспеген ары.
©  Жүсіп Баласағұни
Сұлу әйелдің күйеуі өмір бойы қарауыл болып өтеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Бай әйел алған өмір бойы құл болып өтеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Неше мың азулы ердің мұқым бәрі
Құрыған әйел үшін тұқымдары.
Жүргендер абыройы елге тарап
Қалған-ды әйел үшін жерге қарап.
Түмен, мың атақтыны ер..
©  Жүсіп Баласағұни
Емізулі әйел төзімді болады.
©  Махмұд Қашқари
Тілі ащы бекке тигенше тұл қалған жақсы.
©  Махмұд Қашқари
Қалың беріп қыз алар,
Керек нәрсені қымбат болса да алар.
©  Махмұд Қашқари
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
©  Махмұд Қашқари
Қылымсығанда (қыз-келіншектер) қызыл киеді,
Жарамсақтанғанда жасыл киеді.  
©  Махмұд Қашқари
Еркек құмар әйел ерге жарымас,
Асығып кеткен үйіне жете алмас.  
©  Махмұд Қашқари
Жолдасыңмен тату бол – өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан.
©  Махмұд Қашқари
Келіннің үш күйеуі болады:
Алғашқы күйеуі – алтын елі,
Екінші күйеуі – ар-намысы,
Соңғы күйеуі – алған жары.
Алтын елге..
«Оты тозған жұртқа қайтып қона ма?
Бір тастаған әйелді қайтып ала ма?» деген бар.
(«Алтын шежіре»)
Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.
(Рашид-әд-дин. Қ.Жалаири)