![]() |
|
![]() |
Қайғы туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 40
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 136
Нақыл сөздер: 50
Туындылар: 2
Әңгімелер: 5
Эсселер: 1
Коммунизм-бұл адамзат тарихындағы тағы бір қайғы, біртүрлі тарау, осы тараудың соңғы беттері қазір оқылады.
— Рональд Рейган
Ол рас бұл Қазақты бәрі алдайды!Сол жағдай саған қайғы маған қайғы!Жартысын жеті жасар бала алдайды,Жартысын жетпістегі шал алдайды!
— Ринат Зайытов
Ата анасын қайғыға батыратын емес, қажылыққа апаратын ұрпақ көп болсын!
Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
— Абай Құнанбаев
Бар қайғыдан құтқарар жалғыз дәру — ақыл мен жанның қызметiн арттыру, бұған бiлiм алудың шеңберiн кеңейту арқылы қол жеткiзiледi.
— Виктор Гюго
«Қайғы заманның» қай жерінде болмасын Төле бидің кез -келген әрекетінде ұлттық мүдде көрініс береді.
— Орынбай Шойбек
Махаббат қуанышсыз болса, айрылысу қайғысыз болады.
— Михаил Лермонтов
Сен - өзіңнің ойларыңмен, уайым-қайғыларыңмен, қорқыныштарыңмен, жаратылған ғажайып жаратылыссың. Тұнып тұрған мөлдір бұлақсың. Ғажап жаратылыс..