Бақ туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 30
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 201
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 30
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Өзімізді бір орында ұстап тұрған жалғыз адам – өзіміз ғана. Өз арман-мақсаттарымыздың бетін қайтарып жатқан өзіміз ғана. Өз бағымызды байлап жатқан..
©  Нарша Булгакбаев
Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен..
©  Нарша Булгакбаев
Алдыңа ас келгенде қанағатты ұмытпа,Басыңа бақ қонғанда жамағатты ұмытпа.
©  Жәди Шәкенұлы
 Тәуелсіз БАҚ-тың өзі тәуелсіздікке тәуелді.
©  Аслан Қаженов
Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің. Бағың өскен соң өзің ғана тілейсің.
©  Абай Құнанбаев
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Бақпен асқан патшадан, миымен асқан қара артық.
©  Абай Құнанбаев
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы. 
©  Білге қаған
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап. 
©  Білге қаған
Табанының бүрі жоқ,Тап бергенін қайтейін.Қасиеттің бірі жоқ,Бақ келгенін қайтейін
©  Шілтерханов Әдіһам
Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.
©  Ақан Сері
Қарға бағы жанса да,Екі шоқыр бір қарап.
©  Төретайұлы Қабылбек
Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.
©  Шал Құлекеұлы
Бағалай білмегенге бақ қонбайды,Қуана білмегенге құт қонбайды.  
©  Әбіш Кекілбаев
Мен үшін айтыс - өнерімнің өлшеміндей. Ең бастысы, халқым мойындады, елім құрметтеді. Ең үлкен бәйгем де, бағым да – сол.
©  Әселхан Қалыбекова
Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Бақ қонады ұл таңдап,Қонақ қонар үй тандап.Болымы жоқ бозбала,Бейнеттен қашар бұлтыңдап. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Ер жігітке бақ қонса — дұшпаны да жағалар,Басынан бір күн бақ тайса — жабылып бәрі табылар. 
©  Тоқсан би Жабайұлы
Бақ – атадан қалған мұра емес. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Тақтан тайған адамның бағы таяды. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Бақ әрбір адамның есігін өмірінде бір рет болсын қағады, алайда, адам осы уақытта "үйінде болмағандықтан" есіктің қағылғанын естімей қалады. 
©  Марк Твен
Әр адамның өмірінде бір рет болса да тағдыр тәлейі оның есігін қағады, бірақ ол кезде адам жақын маңдағы сыраханада отырған болуы мүмкін, сол себепті..
©  Марк Твен
Тұрмыс деген тәңір атқан, ұйықтап жатқан айдаһар. Оят тағы, ауызынан, бақ дегенді барып ал! 
©  Бернияз Күлеев
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.
©  Абай Құнанбаев
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
©  Мұхтар Әуезов