![]() |
|
![]() |
Өмір туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 244
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 14
Өлеңдер: 996
Нақыл сөздер: 412
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 7
Әңгімелер: 57
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 10
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1
Эсселер: 11
Шектен шығып, асып-тасып жатпаған өмір – ұзақ-сонар алдапарбау мен көзбояушылықтан басқа түк те болмай қалады.
— Жорж Батай
Үлкен ақыл иелерінің өмірін де сұрқай бояулар бүркейтін сәттер болады.
— Теодор Драйзер
Қысқасы, өмірдегі басты нәрсе — сол өмірдің өзі.
— Теодор Драйзер
Ойым нәрлі болсын десең, өмірге аралас, өмірдің, бетінде қалқыма, түбіне сүңгі, асыл оңайда жатпайды, тереңде жатады.
— Ғабиден Мұстафин
Егер бiреу өмiрдiң мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса — ол ауру (принцесса Бонопартқа жазған хатынан).
— Зигмунд Фрейд
Міне, олар-өмірдің қорытындылары: алдымен алда жүресің, сосын артта қаласың.
— Харс Йенсен
Өлімнен емес, өмірді зая өткізуден қорқу керек.
— Бертольд Брехт
Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.
— Александр Новиков
Өмір — жақыннан қарасаң трагедия, алыстан қарасаң комедия.
— Чарли Чаплин
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
— Михаил Шолохов
Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді, есі кіргенде өледі.
— Асқар Тоқпанов
Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім.
— Сейіт Кенжеахметұлы
Ей адам! Бұл күндер міндетті түрде өтеді, тіпті басым бөлігі өтіп кетті. Онда еш болмаса қалған өміріңнің қадірін біл.
— Суфйан Сәури
Өмірдің шолақ және тым қысқа екенін танып жету үшін өмірдің ұзақ сапар жолын басып өтесің.