Ақын туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 983
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 44
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 68
Поэмалар: 6
Шығармалар: 26
Анекдот, әзілдер: 30
Аңыздар: 3
Эсселер: 3

Ақынның өлеңі басқа,өмірі басқа.
©  Айтқалиев Айдос Даниярұлы
Иә, Ақын дегеніміз «қанаты бар адам». Бірақ ол тек аспанда ғана ұша беретін болса, оның жырлары адамдарға құстың тіліндей түсініксіз бірдеңе болып..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Осы біз «өлең олай болу керек, былай болу керек» деп неге шаршаймыз?! «солай болу керек екенін» барлық ақын біледі. Бірақ «не жазып кетсе жайы сол»..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Нағыз ақын өлеңді жазбайды, тек өзіне жіберілгенді қағазға түсіреді.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Нашар ақын жан дүниесіндегі əр алуан өзгеріс иірімдерін жасыруға тырысады, ал жақсы ақын, керісінше, соның бəрін ақтарып жайып салуға құмар.
©  Элиас Канетти
Тірліктегі бар бақытың – арманда,Бас имейді тағдырға ақын жалғанда.
©  Александр Пушкин
Құндама, ақын, халқыңның махаббатын.
©  Александр Пушкин
Ақын – тобыр емес: ол – мүлдем жалғыз.
©  Жорж Батай
Нағыз ақын өзін қоршаған дүниедегі қорғансыз бала сияқты сезінеді.
©  Жорж Батай
Ақында адамзаттан дос болмайды...
©  Мағжан Жұмабаев
Ақынның құлағы өзіненқырық жыл бұрын туады.Ноғайбай шешен.
©  Ноғайбай Дәулетбақұлы
"Оқып жатқан ақын, тамақ ішетін аспазға ұқсайды.“
©  Карл Краус
 1 курста Дәулет менің өлеңдерімді оқып, ақын болғысы келмей кетті. Мен Дәулеттің өлеңдерін оқып ақын болғым келіп кетті.
©  Аслан Қаженов
Шын ақынның дүниеге келуі – тарихи оқиға.
©  Мұхтар Шаханов
Ақын – дәуір айнасы, қоғамдағы тыныс-тіршіліктің, көңіл-күйдің анық барометрі.
©  Сарыбаев Қаныбек
Ақындар ауызымен от өреді,Оңайға жүгірмейтін төтедегі.
©  Сарыбаев Қаныбек
Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ақын тірісінде жалған, өлгеннен соң арман.
©  Эльмира Омарбекова
Ақын – ел ырысы. Ол елін арқа тұтып, туған жерін тұғыры санайды. Еліне сыйынып, жеріне сүйінеді. Ұлылықты, асыл қасиетті сол тұғырдан алады. Халқының..
©  Олжабай Сабырбек
Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін..
©  Халел Досмұхамедұлы
«Ақын үшін жұмбақ көп. Ең басты құпия – оның өз жүрегінде, өз жанында»
Захардин Қыстаубайұлы
©  Захардин Қыстаубайұлы
Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақын адамдардың шаттығы - өлеңі.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақын-жазушылардың рухы жығылуы – халықтың рухының жығылуы.
©  Ханбибі Есенқарақызы