Жақсы туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 340
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 70
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 78
Құттықтау, тілектер: 15
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Өмір ғажап білгенге,Бәрі асылдан адамның.Жақсы, жаман демегін,Жаман дегендеріңніңКөрерсің бір күн көмегін.
©  Орманова Айнур
Әркім әрдайым өз өмірін жақсартқысы келеді, өмірі сол жақсыға жеткеннен кейін одан сайын жақсартқысы келеді. Түпкі мақсаты біртұтас болу емес..
©  Нарша Булгакбаев
Барлық жағынан жағымды, позитивті, жақсы болып көрінетін адамның өзінде, өмірінде сəтсіздіктер мен қиындықтар, проблемалар болуы мүмкін – демек бұл..
©  Нарша Булгакбаев
Жаратушының заңдылықтары адамға әдейі еш зияндық тигізе алмайды, бірақ оның əрекет ету принципін түсінбесеңіз – сіз қанша мейірімді, жақсы жəне адал..
©  Нарша Булгакбаев
Жақсы адам болу өнері — нені ойламау қажет екенін білу. 
©  Нарша Булгакбаев
Жаман досың болғанша, жақсы кітабың болсын.
©  Жәди Шәкенұлы
Жақсы адам туғанда «жақсы» боп туған емес, жаман адам да туғанда «жаман» боп туған жоқ. Ендеше жақсы адам мен жаман адам қайдан шығады? Тәрбиеден...
©  Дүкен Мәсімханұлы
Жаман нәрсе болған кезде, Сіз жақсы нәрсе жасай бастауыңыз керек.
©  Серхио Рамос
Жақсы өлсе, жеріне кіреді,Жаман өлсе, көріне кіреді. 
©  Сайын Назарбекұлы
Дананы — ойынан;Батырды — сойынан;Ізгіні — ісінен;Жақсыны — түсінен;Көлгірді — көзінен;Суайтты — сөзінен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Адамдардан тек жақсы нәрсе көру керек, ал жаманын олар өздері көрсетеді.
Менің ең жиі айтатын дұғам: Аллам, сен маған хайырдан не берсең де мұқтажбынЖаман болсын, жақсы болсын, қиын болсын, оңай болсын әйтеуір хайырлы..
Жақсыдан жаман туса, жыннан болар,Жаманнан жақсы туса, нұрдан болар.
©  Балпық би
Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды. 
©  Ғабиден Мұстафин
Жақсының өнегесін айтасың,Жаманның неменесін айтасың?
©  Шілтерханов Әдіһам
Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.Басына ер жігіттің іс түскенде,Арасы қас пе достың абайланар.
©  Ақан Сері
Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.
©  Ақан Сері
Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.
©  Шал Құлекеұлы
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалды.Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды. 
©  Мөңке би
Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,Ақылы надандардың кем болады.Жамандарға насихат айтқан сөзiң,Жаңғырыққан шорменен тең болады. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсыға жақсы жарасар.
©  Иүгінеки Ахмед
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы