Надан туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 18
Өлеңдер: 27
Нақыл сөздер: 23
Әңгімелер: 1

Өмір (дүние) атты ойында "Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын" білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды..
©  Нарша Булгакбаев
Қайран тіл, қайран сөз — наданға қадірсіз... 
©  Темір МЫҢЖАС
Білімсіз, ақылсыз, надан адамдармен дос болғаның – тесік қайыққа отырып алыс сапарға шыққаның.
©  Жәди Шәкенұлы
Біздің қазақ әлі бөгде діндегілердің мерекесін асыр сала тойлап жүр, толық мұсылмандықты қашан ұстанамыз?!!!, сол надан адамдардың кесірі жалпыға..
©  Нұрхалық Абдырақын
       Біреуге «сен надансың!» деп айтудан бұрын өзіңнің одан ақылдырақ екеніңе көз жеткізу қандай..
©  Әбдінағым Көшер
Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,Ақылы надандардың кем болады.Жамандарға насихат айтқан сөзiң,Жаңғырыққан шорменен тең болады. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.
 
©  Саиф Сараи
Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
 
©  Саиф Сараи
Надандар білімді адамды көре алмайды.
 
©  Саиф Сараи
Бiлiмдар адамның жанында наданның бiр артықшылығы бар: ол әрқашан өзiне разы.
 
©  Наполеон Бонапарт
Менiңше, дүниеде надандардың бiлiмді жек көруiнен өткен жек көру жоқ. 
©  Галилео Галилей
Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,Қанша жақсы болса да..
©  Асан қайғы
Жалған ілім надандықтан да қауіпті.
 
©  Бернард Шоу
Кез келген алды-артын ойлағыштық неден күйрейдi? Адамның топастығынан… Әлемдегi бiрiншi семсерлеушi (фехтовальщик) әлемдегi екiншi..
©  Марк Твен
Надандық адамды өмiрге немқұрайды етедi, ал немқұрайдылық баяу өседi, бiрақ тоқтамайды. 
©  Константин Паустовский
Шын бақыт деген, ең алдымен, надандардың емес, бiлетiндердiң үлесi. Мысалы, өсiмдiктер өмiрi мен өсiмдiктер өмiрiнiң заңдылықтарын бiлетiн адам..
©  Константин Паустовский
Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен. 
©  Олжас Сүлейменов
Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.
©  Цицерон
Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.
©  Имам Тақи
Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Әркім — ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе — наданның кейпін киіп,
Надан ішсе — жасайды масқараны.
©  Жүсіп Баласағұни
Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша..
©  Аристотель